1 сыныпқа қабылдау » Ақжар орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақжар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-70-47
Есепші бөлімі:
+7(72837) 4-70-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныпқа қабылдау
30
март
2023

1 сыныпқа қабылдау

1 сыныпқа қабылдау

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2023 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап ауданымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады.
Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ)www.egov.kzпорталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.
Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар – 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.
Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.