"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" » Ақжар орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақжар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-70-47
Есепші бөлімі:
+7(72837) 4-70-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық"
01
сентябрь
2022

"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық"

Бүгін мектеп тарихында тағы бір рет білім кемесінің баспалдағы өз есігін қуанышқа ашып отыр. Алғашқы қоңырау салтанаты "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында өткізілді. Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын  алғаш рет 13 білім алушы аттап отыр.
Сіздерді ең жарқын мереке - Білім күнімен құттықтаймыз!
Бірінші қыркүйек әрдайым керемет мереке және білімнің, жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достармен және ұстаздармен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Бұл күн бәріміз үшін маңызды, ол үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім арқасында. Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады.
Бұл күні ерекше алғыс пен ризашылық сөздері балаларға барлық уақыттары мен күштерін, білімдерін, жылы лебіздері мен шын жүректен жылулықтарын беретін ұстаздарымызға айтқымыз келеді. Көп жағдайда еліміздің болашағы мұғалімдерге байланысты.
Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!