10-тамыз Абай күні » Ақжар орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақжар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-70-47
Есепші бөлімі:
+7(72837) 4-70-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10-тамыз Абай күні
10
август
2022

10-тамыз Абай күні

Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні! Абай мұрасы - халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Оның әділдік, адалдық, адамгершілік идеяларына негізделген, тағылымы мол шығармашылығы - қазақ әдебиетінің жауһары.
Сөзі - қазақтың бойтұмары, мұрасы – қазақтың қазынасына айналған Абай халқымызды Отан сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиеледі. Ал туған жерге деген құрмет жақыныңа көрсеткен қамқорлықтан бастау алады. Баршамызға ортақ Абай күнімен сіздерді шын жүректен құттықтап, әрбір отбасыға құт-береке, ырыс-несібе тілейді. Абай күніне орай мектеп кітапханасында 5-8 сынып білім алушыларымен "Абай мұрасы - ұрпаққа өнеге" тақырыбында әдеби танымдық сағат өткізілді.