Рәміздер айлығына орай «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оны құрметтеу» тақырыбында ашық сынып сағаты ата-аналардың қатысуымен өтті. Сынып жетекшісі: А.Мукашева.
«Ақжар орта мектебі» КММ 07-қазан күні «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» акциясы аясында 8а сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Г.Кузембаева қарттардың үй шаруасына көмек көрсетті.
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» акциясы аясында 9а сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Б.Тулькубаева және 9б сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Ж.Туртаева үй шаруасына көмектесу жұмыстарын жүргізді.