Психологтың 4-9 сынып оқушыларын ББЖБ сынағы алдында дайындау кезінде ұсынылатын кеңес » Ақжар орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақжар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-70-47
Есепші бөлімі:
+7(72837) 4-70-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологтың 4-9 сынып оқушыларын ББЖБ сынағы алдында дайындау кезінде ұсынылатын кеңес
21
апрель
2023

Психологтың 4-9 сынып оқушыларын ББЖБ сынағы алдында дайындау кезінде ұсынылатын кеңес

Психологтың 4-9 сынып оқушыларын ББЖБ сынағы алдында дайындау кезінде ұсынылатын кеңес

Психологтың 4-9 сынып оқушыларын ББЖБ сынағы алдында дайындау кезінде ұсынылатын кеңес

Күшіне, біліміне сенген адам ғана мақсатына жете алады.
Л.Фелервах
ББЖМ-ға дайындық
— Ең бірінші сабаққа дайындалатын орынды дайында: қажеті жоқ заттарды үстелдін үстінен алып таста, керекті кітаптарды, дәптер, қағаз, қалам, қарындаштарды ыңғайлы етіп қой.
— Отыратын бөлменің түсі сары немесе күлгін түсті болғаны жөн. Бұл түстер адамның белсенділігін арттырады. Ол үшін фото обой немесе кішігірім сурет ілген жеткілікті.
— Оқитын сабақты алдымен жоспарла, содан кейін сабақты танертең немесе кешке оқыған қай уақыт ыңғайлы болатының белгіле. Оқитын сабақты жоспарлағанда күнделікті дайындалатын, және нақты қай тақырыпқа тоқталатынынды белгіле. Жалпы дайындалу мүмкін емес. Нақты қандай тақырып пен бөлімге дайындалуға көңіл бөлген жөн.
— Ең қиын бөлімнен баста. Егер тақырып қиын және түсініксіз болатын болса, онда қызықты және жағымды материалдардан бастауға болады, сол себептеп сен жұмыс ырғағына енесің және жұмысың жүре бастайды.
— Сабақ пен демалысты араластырып отыр. Айталық 40 минут сабаққа дайындалсаң, 10 минут демалып үзіліс жаса. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға, душқа түсіп алуға немесе жаттығуға болады.
— Бүкіл тақырыпты немесе гүл кітапты басынан аяғына дейін жаттап алуға тырыспа. Пайдалы материалдарды қысқаша жоспрарлап, схема түрінде таблица түрінде қағазға сызған жөн. Бұл жоспар пайдалы, кейін қайталауға өзіңе оңай әрі жеңіл түседі.
-Тест тапсырмасын орындаған кезде қолыңда міндетті түрде сағат болғаны дұрыс. (тапсырманы орындағанда әр сұраққа уақытпен қарап 2 минут ішінде орындауға тырыс.
— ББЖБ-ға дайындалған уақытта, мен білмеймін орындай алмаймын, қиын деп, өзіңе сенімсіз болма, керісінше өзіңе-өзің сенімдімін деп ойла.
— ББЖБ алдында бір күн толық қайталауға арна, қиын сұрақтарға тағыда тоқталып кеткен жөн.
ББЖБ тапсырар алдында Тестке толық дайындалу үшін бір күн жеткілікті деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді-өзің қажытпа, керісінше дайындықты тоқтат, жатар алдында душқа түсіп, кешке серуендеп қайт.Жақсылап ұйықтап дем ал.